Салтанатты рәсімі
2020 жылдың 3 желтоқсанында "Кладбинка жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де, "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" бірыңғай республикалық ұйымына 2 және 5 сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
«Жас Ұланға", "Жас Қыранға" қабылдаудың негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.
Міндеттері:
- әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асыру, мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибесін байыту және дамыту;
- мектептің тәрбиелік әлеуетін іске асыру;
- Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, тілін білу негізінде өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру;
- танымдық қызметті ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін оң жағдай жасау;
- баланың жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігін қалыптастыруға, көшбасшылық әлеуеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға бағытталған жеке қасиеттерін дамыту



